1. «Жылжымайтын мүлiк объектiлерi жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тiркеу органы куәландырған тiркеу iсi құжаттарының көшiрмелерiн беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметi (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Внимание! Документ утратил силу с 19.09.2015
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1586 қаулысымен бекітілген
«Жылжымайтын мүлiк объектiлерi жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тiркеу органы куәландырған тiркеу iсi құжаттарының көшiрмелерiн беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт күшін жойды 2015 жылғы 19 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 07.09.2015 жылғы № 751 Қаулысына сәйкес «Жылжымайтын мүлiк объектiлерi жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тiркеу органы куәландырған тiркеу iсi құжаттарының көшiрмелерiн беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартын қараңыз
1. Жалпы ережелер
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті аумақтық әділет органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны арқылы (бұдан әрі – орталық) арқылы көрсетілетін қызметті алушының жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi
4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмдерi:
1) орталыққа жүгінген кезде құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:
тіркеу органы куәландырған тіркеу ісіндегі құқық белгілеуші құжаттардың көшірмелері бір жұмыс күні ішінде беріледі (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн қалғанда береді);
көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды;
3) қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.
6. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесі – жылжымайтын мүлiк объектiлерi жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тiркеу органы куәландырған тiркеу iсi құжаттарының көшiрмелерiн беру.
Құқықтық кадастрдың тiркеу iсiндегi құжаттардың көшiрмелерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген құзыреттеріне сәйкес сот, құқық қорғау және басқа да мемлекеттiк органдардың дәлелдi сұрау салулары бойынша беріледі. Өзге адамдарға көрсетiлген ақпарат құқық иеленушінің келiсiмi бойынша берiледi.
7. Мемлекеттiк қызмет тегін көрсетiледi.
8. Жұмыс кестесі: орталықта – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап сенбiні қоса алғанда, орталықтың белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес күн сайын сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейiн түскі үзiлiссiз.
Мемлекеттік қызмет көрсету алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз «электронды» кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы бронға қоюға болады.
Полная версия