Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 19.09.2015
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1586 қаулысымен
бекітілген
«Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлі жөнінде анықтама беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт күшін жойды 2015 жылғы 19 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 07.09.2015 жылғы № 751 Қаулысына сәйкес
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» ҚР Әділет министрінің 28.04.2015 жылғы № 246 Бұйрығын қараңыз
1. «Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлі жөнінде анықтама беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті «Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жылжымайтын мүлік орталықтары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары және олардың филиалдары (одан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттiк көрсетілетін қызмет нәтижелерiн беру Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметті автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – орталық) арқылы жылжымайтын мүлiк объектiсiнің орналасқан және көрсетілетін қызметті алушының тіркеу орны бойынша жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмдер:
1) көрсетілетін қызметті алушы орталыққа құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:
мемлекеттік қызмет екі жұмыс күні ішінде көрсетіледі және дайын құжаттарды беру жазбаша өтініш келіп түскен кезден бастап екінші жұмыс күнінде жүргізіледі (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзіміне кірмейді, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзiмі аяқталудан бір күн бұрын береді).
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат беретін ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды;
3) қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз жүзінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу тiзiлiмiнен үзінді көшiрме (қағаз жеткізгіште).
7. Мемлекеттік қызмет ақылы көрсетіледі. Жылжымалы мүлiк кепiлi бойынша ақпараттық қызмет көрсеткені үшін төлем алым төлеген күні қолданыста болған бір айлық есептік көрсеткіштің 50 пайызын құрайды және көрсетілетін қызметті берушінің есепшотына қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшалай нысанда «Жылжымалы мүлiк кепiлi бойынша ақпараттық қызметтер көрсету үшiн ақы алудың мөлшерi мен тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 маусымдағы № 888 қаулысына сәйкес енгізіледі.
8. Жұмыс кестесі – орталықта, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап сенбiні қоса алғанда, орталықтың белгiленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзiлiссiз, сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейiн. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз, «электрондық» кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті бронға қоюға болады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша өкілі) мемлекеттік көрсетілетін қызмет алу үшiн жүгінген кезде қажетті құжаттар тізбесі:
Полная версия
ИС BestProfi