1. «Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және тоқтатылған құқықтар туралы анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Внимание! Документ утратил силу с 19.09.2015
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1586 қаулысымен бекітілген
«Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және тоқтатылған құқықтар туралы анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт күшін жойды 2015 жылғы 19 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 07.09.2015 жылғы № 751 Қаулысына сәйкес «Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және тоқтатылған құқықтар туралы анықтамалар беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартын қараңыз
1. Жалпы ережелер
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті аумақтық әділет органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – орталық) арқылы;
2) «электрондық үкімет» веб-порталы: www.e.gov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) орталыққа жүгінген кезде құжаттар топтамасы тапсырылған кезден бастап – мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтер болған кезде 20 (жиырма) минут ішінде.
Мемлекеттік ақпараттық жүйеде деректер болмаған жағдайларда, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бір жұмыс күніне дейін ұзартылады (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын береді);
2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды;
порталға жүгінген кезде:
мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтер болған кезде 20 (жиырма) минут ішінде.
Мемлекеттік ақпараттық жүйеде деректер болмаған жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бір жұмыс күніне дейін ұзартылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған).
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – жылжымайтын мүлікке тіркелген және тоқтатылған құқықтар туралы анықтама (электрондық жеткізгіште).
Полная версия