Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 21.09.2015
Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 маусымдағы № 695 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 21 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 28.08.2015 жылғы № 680 Қаулысына сәйкес
«Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 27.02.2015 жылғы № 4-1/168 Бұйрығын қараңыз
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов 
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
2014 жылғы 23 маусымдағы
 № 695 қаулысымен
 бекітілген
Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау қағидалары
1. Осы Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте көзделген қаражат есебінен және оның шегінде жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын ішінара (40 %-ға дейін) өтеуге арналған субсидиялар (бұдан әрі - бюджеттік субсидиялар) төлеу тәртібін айқындайды.
2. Бюджеттік субсидиялар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге (бұдан әрі - АШТӨ) осы Қағидаларда белгіленген тәртіпке сәйкес бөлінеді.
3. Қаржыландыру заңнамада белгіленген тәртіппен облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі негізінде облыстың тиісті жылға арналған бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
4. Бюджеттік субсидиялар алуға арналған АШТӨ тізімін айқындау үшін әрбір ауданда (облыстық маңызы бар қалада) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің шешімімен құрамында аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің, оның ішінде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімдерінің, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның аумақтық инспекциясының, тиісті ауылдық округ әкімінің, қоғамдық және ғылыми ұйымдардың өкілдері бар ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - ВАК) құрылады.
5. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі - бөлім) ВАК-тың жұмыс органы болып табылады.
6. Бөлім өтінімдерді қабылдаудың басталуы және аяқталуы туралы хабарландыруды, ВАК-тың жұмыс тәртібін және басқа да қажетті мәліметтерді аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің интернет-ресурсында және ресми баспасөз басылымдарында орналастырады.
7. Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы (бұдан әрі - басқарма) жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру шығындарының құнын субсидиялау жөніндегі облыстың ай сайынғы жеке қаржыландыру жоспары бекітілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны облыс әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырады.
8. Облыстың жергілікті атқарушы органының шешімімен агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органмен (бұдан әрі - уәкілетті орган) келісім бойынша жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру шығындарының құнын ішінара өтеуге арналған бюджеттік субсидиялардың нормалары белгіленеді.
9. Бюджеттік субсидиялар үдемелі бақтарды инвестициялық субсидиялау бағдарламасына қатысатын АШТӨ-ге берілмейді.
2. Бюджеттік субсидияларды төлеу шарттары
10. Бюджеттік субсидиялар мыналарға арналған шығындардың құнын ішінара (40 %-ға дейін) өтеуге арналады:
1) алдыңғы жылдың күзінде және (немесе) ағымдағы жылдың көктемінде жүргізілген жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және оларды ағымдағы жылы өсіру.
Полная версия
ИС BestProfi