Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 19.09.2015
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1570 қаулысымен
бекітілген
«Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қорынан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт күшін жойды 2015 жылғы 19 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 07.09.2015 жылғы № 751 Қаулысына сәйкес
«Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» ҚР Әділет министрінің 24.04.2015 жылғы № 233 Бұйрығын қараңыз
1. «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қорынан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызметі).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі әзірледі (бұдан әрі – Министрлік).
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті және аумақтық әділет органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсынуды:
1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметті автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – орталық);
2) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы өтініш берушіде электронды-цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) болған жағдайда жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету жеке және заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге (әрі қарай – көрсетілетін қызметті алушылар) көрсетіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті алушы орталыққа жүгінген кезде:
Құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды;
көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды;
2) көрсетілетін қызмет алушы порталға электронды сұрау салу берген кезде:
көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды (автоматтандырылған).
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі:
1) орталықта – қолма қол (алушының немесе сенім хат бойынша өкілінің жеке болуы);
Полная версия
ИС BestProfi