Близость слов: Окончание:





«Қазақстан Республикасының радиоқызметтерi арасында 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейiнгі жиiлiктер диапазонындағы жиiлiктер белдеулерiн бөлу кестесiн бекiту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасының радиоқызметтерi арасында
3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейiнгі жиiлiктер диапазонындағы жиiлiктер белдеулерiн бөлу кестесiн бекiту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 8-тармағына, сонымен қатар «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-1 бабы 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қоса берілген Қазақстан Республикасының радиоқызметтері арасында 3кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі жиіліктер диапазонындағы жиіліктер белдеулерін бөлу кестесі бекітілсін.
Мыналардың күші жойылды деп танылсын:  
1) «Қазақстан Республикасының радиоқызметтерi арасында 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейiнгі жиiлiктер диапазонындағы жиiлiктер белдеулерiн бөлу кестесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйек № 1379 қаулысы;
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1379 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2009 жылғы 31 наурыздағы № 454 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 17, 154-құжат).
Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасының радиоқызметтерi арасында 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейiнгі жиiлiктер диапазонындағы жиiлiктер белдеулерiн бөлу кестесi
Қазақстан Республикасының радиоқызметтерi арасында 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейiнгі жиiлiктер диапазонындағы жиiлiктер белдеулерiн бөлу кестесi (бұдан әрі − Кесте) радиоэлектрондық құрылғыларға (бұдан әрі − РЭҚ) тапсырыс беруші, жасаушы немесе оларды шет елдерден сатып алушы, сондай-ақ қолданыстағы РЭҚ-да жиіліктерді пайдалануды жоспарлауды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасындағы жиіліктерді бөлу және пайдалану шарттарын регламенттейтін құжат болып табылады. Алайда Кесте Қазақстан Республикасының Үкіметі осы міндеттерді шешу үшін уәкілеттік берген тиісті мемлекеттік органның тиісінше ресімделген рұқсатын алмай жиілік жолақтарын (номиналдарын) РЭҚ-ны жасау, өндіру, шетелден әкелу және пайдалану үшін қолдану құқығын бермейді.  
Жаңадан жасалынып (жетілдіріліп) жатқан РЭҚ‑ға жиілік жолақтарын (номиналдарын) бөлуді Қазақстан Республикасының радиожиіліктер жөніндегі Ведомствоаралық комиссиясы (бұдан әрі − ҚР РЖВК) жүзеге асырады, ал РЭҚ‑ны азаматтық мақсатта пайдалану үшін жұмыс жиіліктерін тағайындауды уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.
Қажет болған жағдайда РЭҚ-тың жекелеген типтері үшін РЭҚ-тар Кестеде осы жолақ көзделген құралдарға, сондай-ақ үкіметтік мақсаттағы РЭҚ-ға кедергілер тудырмайтын жағдайда Кестеден тыс жиілік жолақтары (номиналдары) бөлінуі мүмкін.  
Кестенің негізіне Халықаралық электр байланыс одағы бекіткен Радиобайланыс регламентінің жиіліктер бөлу кестесінде (бұдан әрі – Радиобайланыс регламентінің кестесі) белгіленген жиіліктер жолағын бөлу енгізілген. Радиобайланыс регламентінің кестесіне өзгерістер кезекті Дүниежүзілік радиобайланыс конференциясы өткеннен соң енгізіледі. Ұлттық бөлу Кестесіне өзгерістер, радиожиіліктік спектрін пайдаланудың қазіргі жай-күйін ескере отырып, қажет болған жағдайда, бірақ 5 жылда бір реттен сирек болмай енгізілуі мүмкін.  
Полная версия
ИС BestProfi