Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану мониторингін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 5 қазандағы N 1529 Қаулысы
Осы редакция 09.07.2014 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды 
"Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 шілдедегі Заңының 5-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану мониторингін жүзеге асыру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2009 жылғы 5 қазандағы
 N 1529 қаулысымен
 бекітілген
Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану мониторингін жүзеге асыру ережесі
1. Осы Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану мониторингін жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Жаңартылатын энергия көздер пайдалануды қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді.
2. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану мониторингі экономиканың энергияны қажетсінуін және қоршаған ортаға әсерін азайту үшін электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру кезінде жаңартылатын энергия көздерінің пайдаланылуын ұлғайтуды есепке алу мақсатында жүргізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi