Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы Теңіз сауда кеме қатынасы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы Теңіз сауда кеме қатынасы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы Теңіз сауда кеме қатынасы саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі Жеңіс Махмұдұлы Қасымбекке қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы Теңіз сауда кеме қатынасы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюға өкілеттілік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан РеспубликасыныңПремьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы Теңіз сауда кеме қатынасы саласындағы ынтымақтастық туралы келісім
Бұдан әрі «Уағдаласушы Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түрікменстан Yкiметi теңдiк, өзара тиiмдiлiк пен өзара көмек қағидаттарына сәйкес екi мемлекет арасында теңіз сауда кеме қатынасы саласындағы қатынастарды нығайтуға және дамытуға ниет бiлдiре отырып, төмендегілер туралы келiстi.
Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн пайдаланылатын негізгі терминдер:
1. «Уағдаласушы Тараптың кемесi» – осы Уағдаласушы Тараптың мемлекеттік кеме тізіліміне немесе басқа да тиiстi ресми тiзіліміне енгiзiлген әрі оның заңдарына және құқықтық ұйғарымдарына сәйкес осы Уағдаласушы Тарап мемлекетінің туын көтеріп жүзетін кез келген кеме.  
Алайда бұл терминге мыналар кірмейді:  
әскери корабльдер және коммерциялық емес мақсаттарда пайдаланылатын басқа да кемелер;  
гидрографиялық, мұхиттану және ғылыми зерттеулер үшін пайдаланылатын кемелер;
балық кәсіпшілігі мен инспекциялық кемелер;
Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысының мемлекеті теңіз порттарының арасындағы каботажға және ішкі сулар бойынша кеме қатынасына арналған кемелер;
лоцмандық қызметтерді, сүйретіп жүзуді қоса алғанда, порттық, рейдтік және өзге де қызметтерді көрсетуге арналған кемелер;
Полная версия
ИС BestProfi