Близость слов: Окончание:





«Кәсіпкерлік қызметті қолдау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 434 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасы
Қараңыз: Жолдаманы
«Кәсіпкерлік қызметті қолдау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 434 қаулысына өзгерістер енгізу туралы  
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Кәсіпкерлік қызметті қолдау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 434 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаұлымен бекітілген «Моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік қызметті моноқалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.»;  
көрсетілген қаұлымен бекітілген «Моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік қызметті моноқалаларының жергілікті атқарушы органдары мен «мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының өңірлік филиалдары акционерлік қоғамының өңірлік филиалдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.»;  
көрсетілген қаұлымен бекітілген «Моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік қызметті моноқалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.»;  
көрсетілген қаұлымен бекітілген Моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде микрокредиттер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
««3. Мемлекеттік қызметті моноқалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Полная версия
ИС BestProfi