Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.06.2016
"Лифт шаруашылығы және эскалаторлар" кәсіби стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 13 наурыздағы № 94 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 27 наурызда № 9356 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 29 маусымнан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.03.2016 жылғы № 308 Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 138-5-баптарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Лифт шаруашылығы және эскалаторлар» кәсіби стандарты бекітілсін.
2. Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті (Н.С. Құнанбаев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін және оны заңнамамен белгіленген тәртіпте арнайы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің төрағасы Н.С. Құнанбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық бірінші арнайы жариялаудан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енгізілсін.
      «Келісілді»
      Қазақстан Республикасы
      Еңбек және халықты
      әлеуметтік қорғау министрі
      ____________ Т.Дүйсенова
      2014 жылғы 17 наурыз
Қазақстан Республикасы
 Төтенше жағдайлар министрінің
2014 жылғы 13 наурыздағы
 № 94 бұйрығымен
 бекітілген
«Лифт шаруашылығы және эскалаторлар» кәсіби стандарты  
1. «Лифт шаруашылығы және эскалаторлар» кәсіби стандарты (бұдан әрі – КС) кәсіби қызмет саласындағы еңбектің мазмұнына, сапасына, жағдайына, қызметкерлердің біліктілігі мен құыретіне қойылатын талаптарды анықтайды және:
1) еңбек нарығының қазіргі заман қажеттілігіне жауап беретін біліктілік талаптарын жаңартуға, кәсіби қызметтің мазмұнына бірыңғай талаптарды жасауға;
2) персоналды басқару саласындағы кең шеңбердегі міндеттерді шешуге;
3) білім беру стандарттарын, оқу жоспарларын, модульдік оқу бағдарламаларын әзірлеуге, сонымен қатар тиісті оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге;
4) кәсіби даярлыққа бағалау жүргізуге және мамандардың біліктілік сәйкестігін растауға арналған.
1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;
2) ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері, ұйымдардың персоналды басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;
3) білім беру бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;
Полная версия
ИС BestProfi