Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 31.07.2023
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 және "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" 2014 жылғы 12 ақпандағы № 80 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 шілдедегі № 837 қаулысы
Осы Қаулы 2023 жылғы 31 шілдеден бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 17.07.2023 жылғы № 603 Қаулысына сәйкес 
Редакция 07.09.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы»; 
«1. Қоса берiлiп отырған Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну ережесі бекiтiлсiн.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну ережесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: 
«Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну ережесі»;
1 және 1-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну ережесі (бұдан әрi – Ереже) «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес әзiрлендi, ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына (бұдан әрі – мамандар) бюджет қаражаты есебінен көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға кредит түрiнде әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну шарттары мен тәртiбiн айқындайды.
1-1. Осы Ереженің мақсаты үшiн мамандар деп қалаларда және өзге де елдi мекендерде тұрып жатқан және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстеуге және тұруға тiлек бiлдiрген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт, ауыл шаруашылығы және ветеринария мамандықтары бойынша жоғары және жоғарыдан кейiнгi, техникалық және кәсiптiк, ортадан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарының түлектерi, сондай-ақ көрсетілген білімі бар мамандар түсiнiледi.»;
1-2-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарының тұрғын үй сатып алуы немесе салуы үшiн оларға кейіннен теңгемен 15 (он бес) жыл мерзiмге жылдық 0,01 % мөлшерiндегi сыйақы ставкасы бойынша бере отырып кредиттiк шарттар жасасу арқылы берiледi;»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi өкiлдi органы (мәслихат), аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi мәлiмдеген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен салаларының мамандарына қажеттiлiктi ескере отырып, жыл сайын мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн әлеуметтiк қолдауды ұсыну туралы шешiм қабылдайды.»;
5-тармақтың бірінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандары үшiн тұрғын үй сатып алуға немесе салуға кредит беру сенiм бiлдiрiлген өкiлмен (агентпен) шарт болған жағдайда жүзеге асырылады.»;
«Сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң (агенттiң) мамандарға тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн кредит беру жөнiндегi бюджеттiк бағдарламаны iске асыру бойынша операциялық қызметтеріне арналған шығындарды өтеу үшiн қаражат жалпы сипаттағы трансферттер және жергілікті бюджет шеңберінде көзделедi.»;
6-тармақтың 6) және 7) тармақшалары алып тасталсын;
«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ережесіне 1-қосымша» деген сөздер «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ережесіне 1-қосымша» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ережесіне 2-қосымша» деген сөздер «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ережесіне 2-қосымша» деген сөздермен ауыстырылсын;
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: 
«Ауылдық елді мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы үлгi келiсiм»;
«Келiсiмнiң нысанасы» деген 1-бөлімнің 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Алушы өзiне жоғарыда көрсетiлген әлеуметтiк қолдау шараларын алған кезде ___________ ауылдық елдi мекенiнде орналасқан (денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен) ұйымында кемiнде бес жыл қызмет iстеуге мiндеттеме қабылдайды.»;
2) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 07.09.2015 жылғы № 754 Қаулысымен (28.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.09.2015 жылы № 180 (28658) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының       Премьер-Министрі        К. Мәсімов
Полная версия
ИС BestProfi