Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
"Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы 
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 ақпандағы № 80 қаулысы
Осы редакция 28.07.2014 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды 
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов 
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 12 ақпандағы
№ 80 қаулысымен
бекітілген
«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген  денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру,  мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау  шараларын ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметтi ауылдық аумақтарды дамыту жөнiндегi аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) уәкiлеттi органдар (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі 
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап:
39 (отыз тоғыз) күнтізбелік күн ішінде көтерме жәрдемақы төленеді;
32 (отыз екi) күнтiзбелiк күн iшiнде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Келiсiм жасасу рәсiмi жүзеге асырылады;
Келiсiм жасалғаннан кейiн 30 (отыз) жұмыс күнi iшiнде тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттiк кредит ұсынылады;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты – 15 минут;
Полная версия
ИС BestProfi