Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімге (Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру жөніндегі жобаның екінші фазасы) қол қою туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 804 Жарлығы
"Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімнің (Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру жөніндегі жобаның екінші фазасы) жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтановқа Қазақстан Республикасының атынан Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімге (Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру жөніндегі жобаның екінші фазасы) қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы
ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ 
(Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру жөніндегі жобаның екінші фазасы)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ("Қарыз алушы") мен ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ ("Банк") арасындағы 201__ жылғы келісім. Осы арқылы Қарыз алушы мен Банк мыналар туралы уағдаласты:
1.01. Жалпы Шарттар (осы Келісімге Толықтыруда айқындалған) осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.
1.02. Егер түпмәтінінен өзгеше туындамаса, онда осы Келісімде пайдаланылатын, бас әріптерден басталатын терминдер Жалпы Шарттарда немесе осы Келісімге Толықтыруда оларға берілген мәнге ие болады.
2.01. Банк Қарыз алушыға сипаттамасы осы Келісімге 1-қосымшада келтірілген жобаны ("Жоба") қаржыландыруға жәрдем көрсету мақсатында осы Келісімде жазылған мерзімге және шарттарда осы Келісімнің 2.07-бөлімінің ережелеріне сәйкес валюта айырбастау арқылы кезең-кезеңімен айырбастауға болатын бір жүз екі миллион тоғыз жүз екі мың төрт жүз қырық (102 902 440) АҚШ долларына тең соманы ("Қарыз") беруге келісті.
2.02. Қарыз алушы Қарыз қаражатын осы Келісімге 2-қосымшаның IV бөліміне сәйкес алуға құқылы.
2.03. Қарыз алушы төлеуге тиіс біржолғы комиссия Қарыз сомасының бір пайызының төрттен бірін (0,25%) құрайды. Қарыз алушы комиссияны Қарыз туралы келісім күшіне енген күннен кейін 60 күннен кешіктірмей төлейді.
2.04. Қарыз алушы әрбір пайыздық кезең үшін төлеуге тиіс пайыздар Қарыз валютасы үшін референттік мөлшерлемеге ауыспалы спрэдті қосқанға тең мөлшерлеме бойынша есептелетін болады; Қарыздың негізгі сомасының барлық немесе кез келген бөлігін конверсиялау кезінде осы сома бойынша конверсиялау кезеңі уақытында Қарыз алушы төлеуге тиіс сыйақы мөлшері Жалпы Шарттардың IV бабының ережелеріне сәйкес айқындалуы мүмкін. Жоғарыда айтылғандарға қарамастан, егер Қарыздың алынған өтелмеген қалдығы бөліктерінің кез келгені уақтылы төленбей қалса және отыз (30) күн ішінде төленбесе, онда Қарыз алушы төлеуге тиіс сыйақы мөлшері, мұндай жағдайда Жалпы Шарттардың 3.02 (е) бөлімінің ережелеріне сәйкес есептеледі.
2.05. Әр жылдың 15 маусымы және 15 желтоқсаны төлем күндері болып табылады.
2.06. Қарыздың негізгі сомасы осы Келісімге 3-қосымшада келтірілген өтеу кестесіне сәйкес өтеледі.
2.07. (а) Қарыз алушы кез келген уақытта борыштың ұтымды басқарылуын қамтамасыз ету үшін Қарыз шарттарының мынадай конверсияларының кез келгенін жүргізуді сұрата алады: (і) алынған да, алынбаған да Қарыз Валютасының барлық немесе Қарыздың негізгі сомасының кез келген бөлігін мақұлданған валютаға өзгерту; (іі) Қарыздың алынған және өтелмеген негізгі сомасының барлық немесе кез келген бөлігіне қолданылатын пайыздық мөлшерлеме базисін өзгермелі мөлшерлемеден тіркелген мөлшерлемеге және керісінше немесе өзгермелі спрэдке негізделген өзгермелі мөлшерлемеден тіркелген спрэдке негізделген өзгермелі мөлшерлемеге өзгерту; және (ііі) өзгермелі мөлшерлеме үшін пайыздық мөлшерлеменің жоғарғы шегін немесе пайыздық мөлшерлеменің төменгі шегін белгілеу арқылы Қарыздың алынған және өтелмеген негізгі сомасының барлық немесе ішінара бөлігіне қолданылатын өзгермелі мөлшерлеменің шектерін айқындау.
(b) Осы Бөлімнің (а) тармақшасына сәйкес сұратылған және Банк мақұлдаған кез келген өзгеріс Жалпы Шарттарда айқындалғандай, "Конверсия" болып саналады және Жалпы Шарттардың IV бабының және Конверсия жөніндегі нұсқаудың ережелеріне сәйкес күшіне енеді.
Полная версия
ИС BestProfi