Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.06.2016
"Икемді автоматты желілер" кәсіби стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 13 наурыздағы № 77 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2014 жылы 5 мамырда № 9401 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 29 маусымнан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.03.2016 жылғы № 308 Бұйрығына сәйкес
1. Қоса беріп отырған «Икемді автоматты желілер» кәсіби стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті (Б.Ә. Қасымбеков) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің интернет-ресурсында осы бұйрықтың орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә. Исекешев
«КЕЛІСІЛДІ»:
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік 
қорғау министрі 
___________ Т. Дүйсенова 
2014 жылғы 31 наурыз
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Индустрия және
жаңа технологиялар министрінің
2014 жылғы 13 наурыздағы
№ 77 бұйрығымен
бекітілді
«Икемді автоматты желілер» кәсіби стандарты
1. «Икемді автоматты желілер» кәсіби стандарты (бұдан әрі – КС) кәсіби қызмет саласындағы біліктілік деңгейіне, құзыретіне, мазмұнына, сапасына және еңбек жағдайларына қойылатын талаптарды анықтайды және:
1) еңбек нарығының қазіргі заман қажеттілігіне жауап беретін біліктілік талаптарын жаңартуға, кәсіби қызметтің мазмұнына бірыңғай талаптарды белгілеуге;
2) қызметкерлерді басқару саласында кең шеңбердегі міндеттерді шешуге;
3) білім беру стандарттарын, оқу жоспарларын, модульдік оқу бағдарламаларын әзірлеуге, сонымен қатар тиісті оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге;
4) кәсіби даярлықтарын бағалауды жүргізуге және мамандардың біліктілік сәйкестігін растауға арналған.
Полная версия
ИС BestProfi