Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Есеп саясатын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 7 қыркүйектегі N 444 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 22 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6505 болып енгізілді       
Осы редакция 16.06.2014 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды 
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 116-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есептің, аудиторлық қызметтің әдістемесі департаменті (А.О. Төлеуов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада  белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
 Қаржы министрінің
 2010 жылғы 7 қыркүйектегі
 № 444 бұйрығымен
 бекітілген
1. Есеп саясаты Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізудің ережелеріне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6443 болып тіркелген) сәйкес әзірленген (бұдан әрі - Бухгалтерлік есеп ережесі).
2. Есеп саясаты мемлекеттік мекемелерде қаржы есептілігін құрастырғанда және ұсынғанда қолданылатын, барлық мемлекеттік мекемелерге бірыңғай болып табылатын принциптерді, негіздерді, ережелерді, қағидалар мен практиканы қамтиды.
2. Бухгалтерлік есеп пен қаржы есептілігін жасаудың принциптері мен негізгі сапалық сипаттамасы
3. Есептеу және қызметтің үздіксіздігі бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржы есептілігін жасаудың принциптері болып табылады.
4. Есептеу принципі төлем уақытына қарамастан, оларды жасау фактісі бойынша операция қорытындыларын танумен қамтамасыз етіледі.
5. Қызметтің үздіксіздік принципі мемлекеттік мекеме көз жетерлік болашақта жұмыс істеуге ниеті бар екенін, қызмет ауқымын тарату немесе елеулі қысқарту қажеттігі болмайтындығын білдіреді.
6. Түсініктілік, орындылық, сенімділік және салыстыруға келетіндік қаржы есептілігінің негізгі сапалы сипаттамасы болып табылады.
Түсініктілік – қаржы есептілігінде ұсынылатын ақпарат пайдаланушыларға түсінікті болуы тиіс.
Орындылық – шешім қабылдайтын пайдаланушылар үшін ақпарат орынды және оларға оқиғаны бағалауға көмектесуі, олардың өткен бағалауларын растайтын немесе түзететін болуы тиіс.
Сенімділік – пайдаланушылар ақпаратты ақиқат сияқты қабылданғанда елеулі қателер мен бұрмалаулардың болмауы.
Полная версия
ИС BestProfi