Близость слов: Окончание:





«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 18 ақпандағы № 103 және «Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын және кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауылшаруашылық өнімнің тізбесін бекіту туралы» 2014 жылғы 13 мамырдағы № 486 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 18 ақпандағы № 103 және «Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын және кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауылшаруашылық өнімнің тізбесін бекіту туралы» 2014 жылғы 13 мамырдағы № 486 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылығы 18 ақпандағы № 103 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидалары бекіту туралы» қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 7, 67 құжат): мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
 1. Осы Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) асыл тұқымды мал үлесін және ауыл шаруашылығы малының өнімділік сапасын арттыру, өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімінің өзіндік құнын төмендету үшін мал азығының құнын арзандату мақсатында отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге, бірінші және екінші деңгейлі бордақылау алаңдарынан мал бордақылау бойынша қызметтерді сатып алатын арнайы ұыйымдарға, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтардың мал басынан қалыптастырылған, жалпы табында асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – тауар өндірушілер), мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға және қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерге (бұдан әрі – көрсетілетін қызметтерді жеткізушілер) тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде және іс-шаралар есебінен бюджеттік субсидиялар (бұдан әрі – субсидиялар) беру тәртібін айқындайды.»;    2 тармақ келесі мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) малды бордақылау бойынша қызметтер – жеке меншігінде бордақылауға арналған бұқашықтары бар мамандандырылған ұйымдарға бірінші және екінші деңгейлі бордақылау алаңдары ұсынатын мал бордақылау бойынша ақылы қызмет»;
екінші, алтыншы және жетінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«ірі қара мал, қойлардың, маралдардың (бұғылардың) аналық мал басымен және де ара балұясымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу;
жеке қосалқы шаруашылықтардың мал басынан құралған, қоғамдық табынның өсімін молайту үшін етті, сүтті және қос бағыттағы аталық-бұқаларды ұстап-бағу;
жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара мал және қойлардың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру бойынша шығындарын 100%-ға дейін өтеу»;
1) тармақшаны мынадай редакциядағы сегізінші абзацпен толықтыру:
«ауыл шаруашылығы малдарын қолдан ұрықтандыруды жүргізуге, асыл тұқымды және дистрибьютерлік орталықтармен арнайы технологиялық құрылғылар сатып алу»;
2) тармақшаны мынадай редакциядағы төртінші абзацпен толықтыру:
«ірі және шырынды азықтарды сатып алу және дайындау бойынша шығындарды арзандату»;
4 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Әрбір бағытқа арналған субсидиялар нормативтері осы Қағидаларға 1 -қосымшаға сәйкес белгіленеді. Бұл ретте, жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеуге арналған субсидиялар нормативтері, сондай-ақ жеткізушіге қойылатын өлшемдер мен талаптар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен (бұдан әрі – Министрлік) келісім бойынша облыс әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.»;
Полная версия
ИС BestProfi