Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Ислам банктеріне арналған пруденциалдық нормативтер, олардың нормативтік мәндері және есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 27 наурыздағы N 66 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 6 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5670 болып енгізілді.
Осы редакция 27.05.2014 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды 
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабының 1-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген Ислам банктеріне арналған пруденциалдық нормативтер, олардың нормативтік мәндері және есептеу әдістемесі туралы нұсқаулық бекітілсін. 
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап, он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі. 
3. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов): 
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын; 
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін. 
4. Агенттіктің Төрайым қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын. 
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.
Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2009 жылғы
27 наурыздағы N 66 қаулысымен
бекітілді
Ислам банктеріне арналған пруденциалдық нормативтер, олардың нормативтік мәндері және есептеу әдістемесі туралы нұсқаулық
Осы Ислам банктеріне арналған пруденциалдық нормативтер, олардың нормативтік мәндері және есептеу әдістемесі туралы нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) ислам банктері (бұдан әрі – банктер) үшін пруденциалдық нормативтерді, олардың нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесін белгілейді.
Пруденциалдық нормативтердің құрамына мыналар кіреді:
банктің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері; 
меншікті капитал жеткіліктілігінің коэффициенті;
бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғарғы мөлшері;
Полная версия
ИС BestProfi