Близость слов: Окончание:





"Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 748 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы
Қазақстан Республикасының Заңы
Осы Заң бағалау объектілерінің нарықтық немесе өзгеше құнын белгілеу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында бағалау қызметін жүзеге асыру кезінде жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-бап. Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Мемлекеттік мүлікті бағалауды ұйымдастыру ерекшеліктері, мүлік мемлекеттік мүліктің құрамына түскен, мемлекеттік мүлікті жеке тұлғалар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың пайдалануына берген, сондай-ақ мемлекеттік мүлікті иеліктен шығарған кездегі мүлікті бағалау жағдайлары мен ерекшеліктері «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-тарауында белгіленеді.
3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгіленсе, халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аккредиттеу - осы Заңда көзделген Біліктілік комиссиясының құқықтылығын уәкілетті органның ресми мойындауы;
2) бағалау - бағалау объектісінің ықтимал нарықтық немесе өзге құнын айқындау;
3) бағалау амалы - бағалаудың бір немесе бірнеше әдістерін пайдалана отырып, бағалау объектісінің ықтимал нарықтық немесе өзге құнын айқындау тәсілі;
4) бағалау әдісі - бағалау объектісінің нарықтық және өзге құнын белгілеу үшін пайдаланылатын заңдық, қаржы-экономикалық және ұйымдастырушылық-техникалық сипаттағы іс-қимылдар жиынтығы;
5) бағалау күні - бағалау объектісінің ықтимал нарықтық немесе өзге құны айқындалатын күн немесе уақыт кезеңі;
6) бағалау қызметі - егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, бағалау объектілеріне қатысты бағалау ұйымдары жүзеге асыратын белгілі бір күнге нарықтық немесе өзге құнды белгілеуге бағытталған кәсіпкерлік қызмет;
Полная версия
ИС BestProfi