Близость слов: Окончание:





«Тау-кен металлургия өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2014 – 2018 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 мамырдағы № 568 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасын Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 4 тамыздағы № 8182 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
2014 жылғы 28 шілдедегі
№ 22-02/01-2-2984 хатқа
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Тау-кен металлургия өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2014 – 2018 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 мамырдағы № 568 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнің қаулы жобасын қарап (бұдан әрі - Жоба), келесіні хабарлаймыз.
Жобаға Түсіндірме жазбадағы 5-тармақтың бірінші абзацының соңында келтірілген «Қазақстанда бәсекеге қабілетті сирек металл саласын құру» деген сөздерді алып тастауды ұсынамыз.
Осы Жоба Қазақстанда бәсекеге қабілетті сирек металл саласын құруды көздемейді. Осы процесс бойынша іс-шаралар қазіргі уақытта ҚР ИЖТМ Өнеркәсіп комитеті әзірлеп жатқан ҚР Тау-кен металлургия кешенінің сирек металл саласын дамыту жөніндегі 2015 – 2019 жылдарға арналған кешенді жоспар жобасында көрсетілген.
Басқарма мүшесі –  Басқарма Төрағасының орынбасары М. Дұзбаева
Полная версия
ИС BestProfi