Близость слов: Окончание:





«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы
«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабы 1-тармағын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін және нарығын басқару жүйелерін субсидиялау қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 202 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 18, 315-құжат):
қаулының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау қағидалары бекітілсін»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін және нарығын басқару жүйелерін субсидиялау қағидаларында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау қағидаларын»;
«Осы Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау қағидасын (бұдан әрі – Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және халықаралық стандартты (халықаралық стандарттарды) енгізу және оның (олардың) сәйкестігін сертификаттау бойынша агроөнеркәсіптік кешені субъектілерінің шығындарын тиісті бюджеттік бағдарламаларда көзделген қаражат есебінен және шегінде субсидиялау тәртібін айқындайды.»;
Қағидаларға 1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
Полная версия
ИС BestProfi