Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 25.07.2015
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2014 жылғы 17 маусымдағы
№ 227 бұйрығына
1-қосымша
«Жоғары және жоғары оқудан кейінгі бiлiм беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламенті
Регламент күшін жойды 2015 жылғы 25 шілдеден бастап ҚР Білім және ғылым министрінің 02.06.2015 жылғы № 358 Бұйрығына сәйкес
1. Жоғары оқу орындары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 544 қаулысымен бекітілген «Жоғары және жоғары оқудан кейінгі бiлiм беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын қағаз нысанында беру болып табылады.
2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
4. Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) ұсынуы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) басталуына негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар):
1) ЖОО-ның кеңсесі көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдап және тіркеп, қарап талқылау үшін ЖОО-ның оқу бөліміне тапсырады (1 жұмыс күні ішінде);
2) ЖОО-ның оқу бөлімі көрсетілетін қызметті алушыға берілетін анықтама дайындап, қарап талқылау үшін ЖОО-ның басшылығына тапсырады (4 жұмыс күні ішінде);
3) ЖОО-ның басшылығы құжаттарды қарап, ЖОО-ның оқу бөліміне тапсырады (2 жұмыс күні ішінде);
4) ЖОО-ның оқу бөлімі 22 (жиырма екі) жұмыс күні ішінде деректердің дұрыстығын тексереді, көрсетілетін қызметті алушыға білімі туралы құжаттың телнұсқасын дайындауды жүргізеді және көрсетілетін қызметті алушыға білімі туралы құжаттың телнұсқасын береді(1 жұмыс күні ішінде);
6. Мынадай рәсімдерді орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімдердің нәтижелері:
1) ЖОО-ның кеңсесі құжаттарды қабылдап және тіркеп, қарап талқылау үшін ЖОО-ның оқу бөліміне тапсыруы;
2) ЖОО-ның оқу бөлімі анықтама дайындау, қарап талқылау үшін ЖОО-ның басшылығына тапсыруы;
3) ЖОО-ның басшылығы құжаттарды қарап, ЖОО-ның оқу бөліміне тапсыруы;
4) ЖОО-ның оқу бөлімі деректердің дұрыстығын тексеріп, көрсетілетін қызметті алушыға білімі туралы құжаттың телнұсқасын беруі.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мынадай құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлер) қатысады:
Полная версия
ИС BestProfi