Близость слов: Окончание:





«Шарап материалын, сондай-ақ өндірістік қуаты жылына төрт жүз декалитрден аспайтын сыраны өндіруді қоспағанда, этил спирті және (немесе) алкоголь өнімі өндірісінің технологиялық желілерін есепке алу бақылау аспаптарымен жарақтандыру, олардың жұмыс істеуі мен есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Шарап материалын, сондай-ақ өндірістік қуаты жылына төрт жүз декалитрден аспайтын сыраны өндіруді қоспағанда, этил спирті және (немесе) алкоголь өнімі өндірісінің технологиялық желілерін есепке алу бақылау аспаптарымен жарақтандыру, олардың жұмыс істеуі мен есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңының 3-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Шарап материалын, сондай-ақ өндірістік қуаты жылына төрт жүз декалитрден аспайтын сыраны өндіруді қоспағанда, этил спирті және (немесе) алкоголь өнімі өндірісінің технологиялық желілерін есепке алу бақылау аспаптарымен жарақтандыру, олардың жұмыс істеуі мен есепке алуды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Этил спиртін өндірудің технологиялық желілерін спирт өлшейтін аппараттармен, алкоголь өнімін (шарап материалынан және сырадан басқа) өндіруді - уәкілетті органға нақты уақыт режимінде өндіру көлемі туралы деректерді автоматты түрде беруді қамтамасыз ететін есептеуші бақылау аспаптарымен жарақтау жөніндегі талаптарды, сондай-ақ олардың жұмыс істеуін және этил спирті мен алкоголь өнімінің есепке алынуын жүзеге асыруды бақылау тәртібін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 30 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің Актілер жинағы, 2013 ж., № 22, 314-құжат).
3. Осы қаулы 2016 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Шарап материалын, сондай-ақ өндірістік қуаты жылына төрт жүз декалитрден аспайтын сыраны өндіруді қоспағанда, этил спирті және (немесе) алкоголь өнімі өндірісінің технологиялық желілерін есепке алу бақылау аспаптарымен жарақтандыру, олардың жұмыс істеуі мен есепке алуды жүзеге асыру қағидалары
1. Осы Шарап материалын, сондай-ақ өндірістік қуаты жылына төрт жүз декалитрден аспайтын сыраны өндіруді қоспағанда, этил спирті және (немесе) алкоголь өнімі өндірісінің технологиялық желілерін есепке алу бақылау аспаптарымен жарақтандыру, олардың жұмыс істеуі мен есепке алуды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңының 3-1-бабы 1) тармақшасына сәйкес этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруге бақылауды жүзеге асыру мақсатында әзірленді.
2. Осы Қағидаларда көрсетілген жұмыстарды этил спирті және (немесе) алкоголь өнімін өндіруші ұйымдарда жүзеге асыру үшін этил спирті және (немесе) алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) қызметкерлері уәкілетті мемлекеттік орган басшысының тиісті бұйрығымен (бұдан әрі - бұйрық) жіберіледі.  
3. Этил спиртін есепке алуға арналған есепке алу бақылау аспаптары (бұдан әрі – ЕБҚ):
1) көлемді және сусыз этил спирті ағынының массалық шығын өлшеуіш аппаратынан (бұдан әрі - этил спирті шығынын өлшеуіш аппараты);
2) шығын өлшеуіш аппаратының екінші түрлендіргішінен;
Полная версия
ИС BestProfi