Близость слов: Окончание:





«Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде кеден органдарының құжаттамалық және физикалық мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асырудың кейбір мәселелері туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде кеден органдарының құжаттамалық және физикалық мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асырудың кейбір мәселелері туралы
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 192-бабының 6 және 7 тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде кеден органдарының құжаттамалық және физикалық мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру қағидасы бекітілсін.
Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды кеден органдарының жүзеге асыру және кеден органдары мен өсімдіктер карантині саласындағы уәкілетті органның өзара іс-қимыл қағидасыбекітілсін.
Осы қаулы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде ветеринариялық-санитариялық бақылау және өсімдіктер карантині бойынша бақылау функцияларын кеден органдарына беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енгеннен күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
«Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде кеден органдарымен құжаттамалық және физикалық мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру қағидасы»
1. Осы Қағида «Кеден одағында ветеринариялық-санитариялық шараларды қолданылу туралы» Кеден одағы комиссиясының 18.06.2010 жылғы №317 шешіміне (бұдан әрі – Шешім) сәйкес Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік ветеринариялық- санитариялық бақылауды жүзеге асыру тәртібін белгілейді.
Зертханалық бақылауды жүргізу бойынша функцияларды қоспағанда Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды кеден органдарының лауазымды тұлғалары жүзеге асырады, олардың мақсаты Кеден одағының мүшелері болып табылмайтын басқа мемлекеттерденКеден одағының аумағына жұқпалы және экзотикалық жануарлардың ауруларының сырттан әкелінуінен және таралуынан сақтау.
Осы Қағидада мынадай ұғымдар қолданылады:
1) бақылаушы органдар – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;
2) Кеден одағының уәкілетті органдары – Ветеринария саласында қызметтерін жүзеге асыратын Кеден одағына мүше мемлекеттердің уәкілетті мемлекеттік органдары мен ұйымдары.  
Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру тәртібі  
Полная версия
ИС BestProfi