«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 21-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 12.06.2014
«Электр энергиясын өндіру мен тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі қызметтерге тарифтер есептеудің әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 19 ақпандағы № 52-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2010 жылғы 21 маусымдағы № 211-НҚ бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 12.06.2014 жылғы № 132-НҚ Бұйрығына сәйкес
1. «Электр энергиясын өндіру мен тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі қызметтерге тарифтер есептеудің әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 19 ақпандағы № 52-НҚ бұйрығына, мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген электр энергиясын өндіру мен тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі қызметтерге тарифтер есептеудің әдістемесінде:
5-тармақта:
формула мынадай редакцияда жазылсын:
«»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Электр энергиясын теңгерімдеуші нарығының имитациялық жұмыс режимінде ZБАЛ құрамына қуат резервтерін дайындықта ұстау жөніндегі қызметтерге арналған шығыстардың орнына қуатты реттеу жөніндегі шығыстар, сондай-ақ жоспарлыдан нақты мемлекетаралық электр энергиясының ток ағымдары сальдосының ауытқуларының сағаттың көлемдерінің орнын толтыру мақсатында электр энергиясын сатып алу шығыстары ескеріледі».
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«ДПР - жоспарлыдан электр энергиясының ток ағымдарының нақты мемлекетаралық сальдосының ауытқуларының сағаттық көлемдерінің орнын толтыру мақсатында электр энергиясын сатудан түскен табыстар.».
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Е.О. Есіркепов) осы бұйрықты «KEGOC» электр желілерін басқару жөніндегі қазақстанның компаниясы» акционерлік қоғамының, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.В. Шкарупаға жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Төраға Н. Алдабергенов
Полная версия

