Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 12.06.2014
«Электр энергиясын өндіру мен тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі қызметтерге тарифтер есептеудің әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 19 ақпандағы № 52-НҚ бұйрығына толықтыру енгізу туралы
 Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының м.а. 2011 жылғы 11 тамыздағы № 247-НҚ бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 12.06.2014 жылғы № 132-НҚ Бұйрығына сәйкес
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 21-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Электр энергиясын өндіру мен тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі қызметтерге тарифтер есептеудің әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 19 ақпандағы № 52-НҚ бұйрығына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясын өндіру мен тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі қызметтерге тарифтер есептеудің әдістемесінде:
7-тармақтың 4) тармақшасындағы «ақы төлеу жүргізіледі» деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) энергия өндіруші ұйымдар, оның ішінде өнеркәсіптік кешендердің құрамына кіретін ұйымдар, осы энергия өндіруші ұйымдардан бөлшек сауда нарығының тұтынушылары (оның ішінде жеке тұлғалары) тікелей сатып алған электр энергиясының нақты көлемі үшін ақы төлеу жүргізеді.».
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Р.Е. Сүлейменова) осы бұйрықты «KEGOC» электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компаниясы» акционерлік қоғамының, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Төрағаның міндетін атқарушы А. Шкарупа
Полная версия
ИС BestProfi