Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының, өңірлік қолбасшылықтарының, құрамаларының, бөлімдерінің және әскери оқу орнының тарихи формулярын жүргізу қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 25 маусымдағы № 374 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының, өңірлік қолбасшылықтарының, құрамаларының, бөлімдерінің және әскери оқу орнының қызметтік-жауынгерлік қызметіндегі тарихи оқиғаларыды уақтылы және толық көрсету мақсатында  БҰЙЫРАМЫН :
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының, өңірлік қолбасшылықтарының, құрамаларының, бөлімдерінің және әскери оқу орнының тарихи формулярын жүргізу қағидасы бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлерінде Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлері бөлімдерінің, құрамаларының және әскери оқу орнының тарихи формуляры туралы ережені қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі - Ішкі әскерлер қолбасшысының 1997 жылғы 19 желтоқсандағы № 232 бұйрығының күші жойылған деп танылсын.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының өңірлік қолбасшылықтарына, құрамаларына, бөлімдеріне және әскери оқу орнына жеткізілсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Р.Ф. Жақсылықовқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр полиция генерал-лейтенанты Қ. Қасымов
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 25 маусымдағы
№ 374 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының, өңірлік қолбасшылықтарының, құрамаларының, бөлімдерінің және әскери оқу орнының тарихи формулярын жүргізу қағидасы
1. Тарихи формуляр Бас қолбасшылықтың, өңірлік қолбасшылықтардың, құрамалардың және әскери бөлімдердің (әскери оқу орнының, мекеменің) ұйымдастырушылық дамуы мен жауынгерлік қызметі, маңызды оқиғалар, жауынгерлік даярлық, әскери тәртіптің жай-күйі және басқа да мәліметтер көрсетілетін құжат болып табылады.
2. Тарихи формуляр бейбіт уақытта жүргізіледі. Соғыс уақытында өңірлік қолбасшылықтар, әскери бөлімдер (әскери оқу орны, мекеме) майданға кеткен кезде тарихи формуляр уақытша сақтауға Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас штабына тапсырылады, ал тарихи формулярдың орнына жауынгерлік іс-қимыл журналы жүргізіледі, бейбіт уақытқа ауысқан кезде одан үзінділер тарихи формулярға енгізіледі.
Қолданыстағы армияның құрамына кірмейтін өңірлік қолбасшылықтар мен әскери бөлімдер (әскери оқу орны, мекеме) соғыс уақытында да тарихи формулярды толтыруды жалғастырады.  
3. Тарихи формуляр Бас қолбасшылықта, өңірлік қолбасшылықтарда, құрамаларда және әскери бөлімдерде (әскери оқу орындарында, мекемелерде) олардың құрылған сәтінен бастап жалғыз данада жүргізіледі.
4. Тарихи формуляр құпия құжат болып табылады. Формулярды жүргізу жауапкершілігі Бас қолбасшылықта Ұйымдастыру-жұмылдыру басқармасының бастығына, өңірлік қолбасшылықтарда, құрамаларда, әскери бөлімдерде және әскер оқу орындарында штаб бастығына жүктеледі.
Формулярдың бөлімдерін толтыру жалпыға ортақ аббревиатураны қоспағанда, басқа атаулар мен сөздерді қысқартусыз жүзеге асырылады.  
5. Тарихи формулярдың барлық бөлімдері толтырылғаннан кейін Бас қолбасшылықта Бас қолбасшы және Бас штаб бастығы, өңірлік қолбасшылықтарда, құрамаларда, әскери бөлімдерде және әскери оқу орындарында қолбасшы (командир, бастық) және штаб бастығы қол қояды, жоғарыда көрсетілген лауазымды адамдар болмаған кезде міндетін уақытша атқару туралы бұйрықпен тағайындалған адамдар қол қояды, елтаңбалық мөрмен бекітіледі.
Қандай да бір бөлімнің толтырылуы бойынша оған қосымша парақтар тігіледі, олар тарихи формулярдағы парақтар санының тізбесінде есептеледі. Қосымша салынған парақтар саны туралы белгіні өңірлік қолбасшылықтың, әскери бөлімнің (әскери оқу орны, мекеме) штаб бастығы куәландырады.  
6. Командир, бастық (әскери оқу орны, мекеме) істер мен лауазымды тапсыру кезінде істер мен лауазымды тапсыру актісінде бұл туралы көрсете отырып, тарихи формулярды тапсыруға міндетті.
7. Әскери бөлім (мекеме) таратылған кезде Жауынгерлік Ту қай әскери бөлімге берілсе, тарихи формуляр да сол әскери бөлімге тапсырылады.
Полная версия
ИС BestProfi