Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 2 қазандағы № 1-3/490 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 8 қарашада № 8065 тіркелді
Осы редакция 27.06.2014 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды 
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 
1) «Қазақстан Республикасындағы Әкімшілік органның құрып кету қаупі төнген жануарлар мен өсімдіктер түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беруі» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) «Жануарларға интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) «Дала кеміргіштерін жою кезінде, сондай-ақ жануарлардың құтыруы мен басқа да ауруының індеті жағдайларында улы химикаттарды қолдана отырып, жануарлар әлемі объектілерін аулауға келісу» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;
5) «Жерсіндіруге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;
6) «Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларын орнатуды келісу» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес;
7) «Қазақстан Республикасының сыртқы нарығында бекіре балық түрлері уылдырығының саудасына арналған марка бекіту және оны Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сатуға арналған марканы беру» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес;
8) «Бекітілген лимит негізінде жануарлар дүниесінің объектілерін алып қоюға квоталар бөлу» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес;
9) «Шитті мақта сапасы куәлігін беру» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес;
10) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
10-тармақша күшін жойды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 28.03.2014 жылғы № 4-1/165 Бұйрығымен (02.10.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) (жарияланбаған)
11) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
11-тармақша күшін жойды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 05.05.2014 жылғы № 5-2/249 Бұйрығымен (16.04.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) (жарияланбаған)
12) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
12-тармақша күшін жойды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.04.2014 жылғы № 5-2/197 Бұйрығымен (28.03.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) (жарияланбаған)
13) «Ветеринариялық зертханалар беретін сараптама актісін беру» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес;
14) «Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес;
15) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
15-тармақша күшін жойды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.06.2014 жылғы № 3-2/320 Бұйрығымен (05.05.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.09.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
16) «Тракторларға және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелеріне, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың болмауы (болуы) туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес;
Полная версия
ИС BestProfi