Близость слов: Окончание:





«Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір мәселелері» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір мәселелері
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесінің реформасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 6 тамыздағы № 875 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Ақпарат және ақпараткоммуникациялар комитеті» мемлекеттік мекемесі;
«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті» мемлекеттік мекемесі;
«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің «Өңірлік ұшу қауіпсіздігі инспекциясы» мемлекеттік мекемесі құрылсын.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлгіне мынадай заңды тұлғалардың міндеттемелері мен мүлкін бере отырып мыналар таратылсын:  
Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігінiң Көлік және қатынас жолдары комитетi;
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитеті;
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті.
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитеті Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті;
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті;
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитеті Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті;
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Инвестиция комитеті Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестиция комитеті;
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Өнеркәсіп комитеті Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрілгінің Өнеркәсіпті дамыту комитеті;
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті;
7) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті деп қайта аталсын.
Полная версия
ИС BestProfi