Близость слов: Окончание:





«Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы және бухгалтерлік есеп пен аудит саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1448 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнің қаулысы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
«Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы және бухгалтерлік есеп пен аудит саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1448 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнің қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу қағидалары бекітілсін.  
2. «Бухгалтерлік есеп пен аудит саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы» 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1448 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 76, 997-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік беру, куәлікті қайта ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік беру, куәлікті қайта ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік беру, куәлікті қайта ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитетімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.»;
4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті порталға өткізген сәттен бастап, өтініш білдірген кезде – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған).»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Полная версия
ИС BestProfi