Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 04.07.2015
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың
құқықтарын қорғау агенттігі төрағасының
2014 жылғы 20 маусымдағы № 145 бұйрығына
3-қосымша
«Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне есептік нөмірлер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Қызмет регламенті күшін жойды 2015 жылғы 4 шілдеден бастап ҚР Ұлттық экономика министрінің 04.05.2015 жылғы № 374 Бұйрығына сәйкес
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі және оның облыстар, Астана, Алматы қалаларының аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет беруші):
1)көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесі арқылы;
2)www.e.gov.kz  «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді. 
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру объектісіне есептік нөмір беру туралы тізілімнен көшірме үзінді.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі қағаз жеткізгіште ресімделеді, басып шығарылады, мөрмен және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады. 
Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылының тәртібін сипаттау
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімдердің (іс-қимылдың) басталуы үшін негіздеме көрсетілетін қызметті алушының (немесе сенімхат бойынша оның өкілінің) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 22 мамырдағы № 533 қаулысымен бекітілген «Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне есептік нөмірлер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында көзделген өтінішін және құжаттарын көрсетілетін қызметті берушінің алуы болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
1)көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері 15 (он бес минут) ішінде мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады, құжаттардың келіп түскен сәтінен бастап 2 (екі) сағат ішінде оларды тіркеуді жүргізеді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға береді;
2)көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 4 (төрт) сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды қарайды және оларды көрсетілетін қызметті беруші басқармасының/бөлімінің басшысына береді;
3)көрсетілетін қызметті беруші басқармасының/бөлімінің басшысы 2 (екі) сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын қарайды және жауапты орындаушыға береді;
4)жауапты орындаушы 12 (он екі) жұмыс күннің ішінде объектінің ұсынылған құжаттарға сәйкестігін тексереді, объектіні санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру объектілерінің есептік нөмірлерінің тізіліміне енгізеді, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдейді және қол қою үшін көрсетілетін қызмет берушінің басшысына береді;
5)көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесіне қол қояды және оны кеңсеге береді;
6)көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін мемлекеттік қызметті алушының немесе оның өкілінің мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесіне жүгінген сәтінен бастап 15 (он бес) минут ішінде береді;
Келесi рәсiмдi (iс-қимылды) орындауды бастау үшiн негiз болатын мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша рәсiмнің (iс-қимылдың) нәтижесi: 
Полная версия
ИС BestProfi