Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет беруші):
Внимание! Документ утратил силу с 04.07.2015
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі төрағасының 2014 жылғы 20 маусымдағы № 145 бұйрығына 4-қосымша
«Жобаларға, өнімдерге, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру»мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Қызмет регламенті күшін жойды 2015 жылғы 4 шілдеден бастап ҚР Ұлттық экономика министрінің 04.05.2015 жылғы № 374 Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
1)Агенттік:
елде аналогтары жоқ, жаңа, жеткілікті зерделенбеген технологиялары бар өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы объектілерді салу және қайта жаңарту;
санитариялық сыныптамаға енгізілмеген, сондай-ақ жаңа, жеткілікті зерделенбеген технологиялары бар, елде аналогтары жоқ қауіптіліктің І және ІІ сыныбының өнеркәсіптік объектілері және өндірістері үшін санитариялық-қорғаныш аймақтарын белгілеу және түзету бойынша құжаттамалардың;
шикізаттың және тамақ өнімдерінің жаңа түрлеріне арналған стандарттар мен нормативтік құжаттардың;
дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарына, медициналық иммундық-биологиялық препараттарға арналған стандарттар мен нормативтік құжаттардың жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды береді.
2)Агенттіктің облыстар, Астана, Алматы қалаларының, Көліктегі департаменттері:
санитариялық сыныптамаға енгізілмеген, сондай-ақ жаңа, жеткілікті зерделенбеген технологиялары бар, елде аналогтары жоқ қауіптіліктің І және ІІ сыныбының өнеркәсіптік объектілері және өндірістері үшін қоршаған ортаға зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілген шекті шығарындылары мен рұқсат етілген шекті төгінділерін белгілеу және түзету бойынша құжаттамалар бойынша;
осы тармаққа 1-қосымша көрсетілген объектілерді қоспағанда қауіптіліктің барлық сыныптарындағы өнеркәсіптік объектілері үшін санитариялық-қорғаныш аймақтарын белгілеу және түзету бойынша;
сумен жабдықтау көздерінің санитариялық-қорғаныш аймағын түзету (қысқарту немесе ұлғайту) бойынша;
азық-түлік шикізатымен, тағам өнімдерімен және ауызсумен, парфюмерлік-косметикалық және кеңінен қолданылатын басқа тауарлармен, жабдықтармен, аспаптармен және жұмыс құрал-саймандарымен жанасатын азық-түлік шикізатқа, өнеркәсіптік өнімдерге, құрылыс материалдарына, иондаушы сәулелену көздеріне, химиялық заттарға және өнімдерге, биологиялық заттар мен дәрілік өнімдерге, ыдыстарға, қаптама және полимер материалдарына арналған стандарттар мен нормативтік құжаттардың жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды береді.
3)Агенттік Департаменттерінің аумақтық (қалалық, аудандық) бөлімшелері:
осы тармаққа 2-қосымша көрсетілген объектілерді қоспағанда қауіптіліктің барлық сыныптарындағы өнеркәсіптік объектілері және өндірістері үшін қоршаған ортаға зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілген шекті шығарындылары мен рұқсат етілген шекті төгінділерін белгілеу және түзету бойынша құжаттамалар жобаларына;
өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы объектілерді салу және қайта жаңарту;
сумен жабдықтау көздерінің санитариялық қорғау аймағын белгілеу;
геологиялық зерттеулер;
елді мекендер құрылысын жоспарлау;
Полная версия