Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын жасау қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 5 шілдедегі № 912 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
«Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын жасау қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 5 шілдедегі № 912 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1. «Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын жасау қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 шілдедегі № 912 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 62, 854-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын жасау қағидаларында:
3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) өздерінің сұйытылған мұнай газының жобалық өндіру қуаты жылына бес мың тоннадан аспайтын Қазақстан Республикасының өндірушілеріне;»;
4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) беруші – Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасына және (немесе) газ және газбен жабдықтау саласында әріптестік туралы шартқа сәйкес ішкі нарыққа сұйытылған мұнай газының ең аз көлемін беру міндеті жүктелген сұйытылған мұнай газын өндіруші немесе оған меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын қайта өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иесі;»;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Беру жоспары мыналарды:
«1) өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газын өндірушілердің, оның меншік иелерінің тізбесі;
2) Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізілуге міндетті сұйытылған мұнай газының көлемі;
3) өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газын өндірушілер, оның меншік иелері сұйытылған мұнай газын өткізуге міндетті газ желісі ұйымдарының тізбесі айқындалады.»;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Сұйытылған мұнай газын аймақтар арасында бөлу берушімен газ желісі ұйымдарының арасында географиялық орналасқан жерге байланысты уәкілетті органмен жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын:
«19-1. Сұйытылған мұнай газын газ желісі ұйымдарының арасында тарату беру жоспарының негізінде берушімен жүзеге асырылады.»;
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Пропанды бөлу уәкілетті орган айқындайтын аймақтар арасында жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:
«Беру жоспарында көрсетілген газ желісі ұйымдарын сұйытылған мұнай газын беруді беруші уәкілеттік орган бекітетін үлгі шартқа сәйкес жүзеге асырады.»;
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Газ желісі ұйымы беру жоспарының шеңберінде сатып алынған сұйытылған мұнай газын өңірлердегі тұтынушыларға және (немесе) автогаз құю станцияларының және (немесе) газ толтыру пункттерінің иелеріне өткізуді берушімен жасалған шартқа сәйкес жүзеге асырады.»;
көрсетілген Қағидалардағы 2-қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Премьер-Министр Республики Казахстан К. Мәсімов
жылы _______ № ________
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің қаулысына
Қосымша
Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын жасау қағидаларына 2-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің
|
| Берушінің атауы, орналасқан жері | Аймақ | Беруге қатысты сұйытылған мұнай газының көлемі, аймаққа арналған тонна | Газ желісі ұйымының атауы,орналасқан жері | Маркалары мен партиялары бойынша бөлумен | Әрбір партияның тиелген күні | Тиелетін орны, жеткізу тәсілі | ||
| техникалық бутан | техникалық пропан бутан | техникалық пропан | |||||||
|
|
|
|
|
|
|
|
| ||
«Ілеспе газды өңдеуді дамыту бағдарламасын орындау туралы есептіліктің нысандары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
| № | Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі | Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты |
| 1. | Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі |
| 2. | Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі | 2014 жылғы 3 маусымдағы № 17-24/2780 Қазақстан Республикасы Бас прокуратура ұсынымына сәйкес |
| 3. | Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар | Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды
|
| 4. | Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар | Қаулы жобасын қабылдау мемлекеттік бюджеттен қаржылық шығындарды талап етпейді |
| 5. | Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын тиімділігі
| Осы жобаның қабылдауы ішкі нарықта сұйытылған мұнай газдың мемлекеттік реттеу механизімді жетілдіруге рұқсат етеді, ішкі нарықта сұйытылған мұнай газдың мемлекеттік реттеу бөлігінде жайдарылықты қамтамасыз етеді, Қазақстан Республикасы ішкі нарықта сұйытылған мұнай газдың беру жоспарының механизмі, сұйытылған мұнай газдың тарату, ішкі нарығын үдеуге жағдайды жасайды т.б. |
| 6. | Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер
| Жоқ |
| 7. | Заңнаманы кейін жобаға сәйкес келтіру қажеттігі
| Талап етілмейді |
| 8. | Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша (құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) сараптама жүргізілген жағдайда оның нәтижелері. | Жүргізілген жоқ |
| 9. | Өзге де мәліметтер
| Жоқ |
| 10. | Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі | Рұқсат етіледі |
| 11. | Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат | Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің www.mgm.gov.kz 150 кб интернет-ресурсында орналастырылған
|
| 12. | Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні) | 2014 жылғы 11 тамызда Қазақстан Республикасы энергетика министрлігінің интернет-ресурсында (веб-сайтында) қаулы жобасына баспасөз релизі орналасқан |
Министр В. Школьник
2014 жылғы «___» __________
«Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын жасау қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 5 шілдедегі № 912 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына САЛЫСТЫРМА КЕСТЕ
Министр В. Школьник

