Близость слов: Окончание:





 «Уақытша әкімшінің, оңалтушы, уақытша және банкроттықты басқарушының қызметiн жүзеге асыру құқығы бар адамдарды тiркеуге, тiркеуден шығаруға, тiркелген тұлғаның деректерiне өзгерiстер енгiзуге арналған өтiнiштердiң нысандарын, сондай-ақ тiркелгендiгiн растау және тiркеуден бас тарту нысандарын бекіту туралы» қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 6 тамыздағы № 8297 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
2014 жылғы 4 шілдедегі
№ ДЮС-2/918-ВН хатқа
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Уақытша әкімшінің, оңалтушы, уақытша және банкроттықты басқарушының қызметiн жүзеге асыру құқығы бар адамдарды тiркеуге, тiркеуден шығаруға, тiркелген тұлғаның деректерiне өзгерiстер енгiзуге арналған өтiнiштердiң нысандарын, сондай-ақ тiркелгендiгiн растау және тiркеуден бас тарту нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасын қарап, берілген жобаға қатысты ескертулер мен ұсыныстар жоқ екендігін хабарлаймыз.
Полная версия
ИС BestProfi