Близость слов: Окончание:





Аттестаттауға жатқызылған Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесі қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден өткізудің қағидалары мен шарттарын  бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 8 шілдедегі № 69 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 25 шілдеде № 9614 тіркелді
Осы Бұйрықтың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас Прокурорының 08.04.2016 жылғы № 72 Бұйрығына сәйкес (05.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.05.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Бұйрықтың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас Прокурорының 29.09.2017 жылғы № 110 Бұйрығына сәйкес (08.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.11.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Редакция 01.05.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабының 2-тармағына сәйкес,  БҰЙЫРАМЫН:
Преамбула жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас Прокурорының 29.09.2017 жылғы № 110 Бұйрығына сәйкес (08.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.11.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Аттестаттауға жатқызылған Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесі қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден өткізудің қағидалары мен шарттары  бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас Прокурорының 08.04.2016 жылғы № 72 Бұйрығына сәйкес (05.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.05.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас Прокурорының 29.09.2017 жылғы № 110 Бұйрығына сәйкес (08.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.11.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Кадр жұмысы департаментінің бастығы осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуге шаралар қабылдасын.
3. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің барлық қызметкерлері таныстырылсын.
4. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Бас Прокурор А.Дауылбаев
Қазақстан Республикасы
 Бас Прокурорының
2014 жылғы 8 шілдедегі
 № 69 бұйрығымен
 бекітілген
Аттестаттауға жатқызылған Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесі қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы заннамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден өткізудің қағидалары мен шарттары
Атау жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас Прокурорының 08.04.2016 жылғы № 72 Бұйрығына сәйкес (05.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.05.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Тақырып жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас Прокурорының 29.09.2017 жылғы № 110 Бұйрығына сәйкес (08.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.11.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қағиданың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас Прокурорының 13.04.2023 жылғы № 92 Бұйрығына сәйкес (29.09.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.05.2023 жылдан бастап)
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас Прокурорының 29.09.2017 жылғы № 110 Бұйрығына сәйкес (08.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.11.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Аттестаттауға жатқызылған Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесі қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден өткізудің осы қағидалары мен шарттары Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесінің қызметкерлерін (бұдан әрі – аттестатталатын адамдар) аттесттауды өткізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге және логикалық ойлау қабілетіне компьютерлік тестілеуден өткізудің тәртібі мен шарттарын (бұдан әрі – тестілеу) айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас Прокурорының 08.04.2016 жылғы № 72 Бұйрығына сәйкес (05.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.05.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас Прокурорының 29.09.2017 жылғы № 110 Бұйрығына сәйкес (08.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.11.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Тестілеуді өткізудің мақсаты – Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілеттілігін әділ бағалау.
3. Аттестатталатын адамдарды тестілеу Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен (бұдан әрі – Бас прокуратура) Бас прокуратураның тестілеу залында, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының қызметкерлерін тестілеу жүйесі» ақпараттық жүйесінде «Он-лайн» режимінде мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.
3-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас Прокурорының 08.04.2016 жылғы № 72 Бұйрығына сәйкес (05.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.05.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас Прокурорының 29.09.2017 жылғы № 110 Бұйрығына сәйкес (08.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.11.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Тестілеу процесі Прокуратура органдарының біртұтас көлік ортасының қорғалатын арналары бойынша аудио – бейне хаттамамен бейнеконференцбайланысын пайдалану арқылы жүргізіледі.
4. Компьютерлік тестілеудің әділдігі тестілеудің қорытындыларын автоматтандырылған санау шарттарының, уақытының және мазмұнының стандартты болуымен қамтамасыз етіледі.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас Прокурорының 29.09.2017 жылғы № 110 Бұйрығына сәйкес (08.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.11.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
5. Прокуратура органдары, ведомстволары, мекемелері мен білім беру ұйымдарының кадр қызметтері (бұдан әрі – кадр қызметтері):
5-тармақ өзгертілді ҚР Бас Прокурорының 08.04.2016 жылғы № 72 Бұйрығымен (05.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.05.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас Прокурорының 29.09.2017 жылғы № 110 Бұйрығына сәйкес (08.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.11.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) міндетті түрде тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірін, туылған кезін, білімін, мамандығын, аттестаттау кезіндегі қызметін, сыныптық шенін (әскери атағын) көрсете отырып, тестілеуге жататын аттестатталушы қызметкерлердің тізімін әзірлейді. Жеке мәліметтер Қазақстан Республикасының азаматының жеке тұлғасын куәландыратын құжатқа сәйкес толтырылады (құжат тілінде);
2) аттестатталушы қызметкерлерді тестілеуді өткізудің орны, мерзімі және уақыты туралы хабардар етеді;
Полная версия
ИС BestProfi