Близость слов: Окончание:





«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14,168-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:
16 тармақ мынадай мазмұндағы 239-384 тармақшалармен толықтырылсын:
239) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;
240) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
241) Қазақстан Республикасының Үкіметіне сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін, олардың бөліктері мен дериваттарын алу жөніндегі ұсынысты енгізеді;
242) тексерілетін субъектілерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеп, бекітеді;
243) жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспектор актiлерiнiң нысандарын, оларды толтыру мен берудiң тәртiбiн әзірлейді және бекітеді;
244) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормативтердi әзiрлейдi;
245) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесiн қорғауды тiкелей жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерiнiң айырым белгілері бар нысанды киiм (погонсыз) үлгiлерiн, киіп жүру тәртiбiн және онымен қамтамасыз ету нормаларын әзірлейді және бекітеді;
246) жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы ставкаларын және Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтiрiлген зиянды өтеу мөлшерiн айқындаудың, сондай-ақ балық ресурстарына келтірілетін және келтірілген зиянның, оның ішінде шаруашылық қызметі нәтижесінде болмай қоймайтын зиянды өтеу мөлшерін есептеу әдiстемесiн әзiрлейдi және бекiтедi;
247) аңшы, балықшы және қорықшы куәлiктерiнің нысанын және оны беру тәртiбiн айқындайды;
248) аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерінің қорықшылық қызметі туралы үлгi ережені әзiрлейді;
249) жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған биологиялық негiздеме дайындаудың тәртiбiн әзірлейді және бекітеді;
250) аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерін дамыту жоспарының үлгі нысанын әзірлейді және бекітеді;
251) жолдаманың үлгi нысанын, сондай-ақ оны беру тәртібін әзiрлейді;
Полная версия
ИС BestProfi