Близость слов: Окончание:





 «Табиғи монополиялар субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту және оны түзету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі №394 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 7 тамыздағы № 8379 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды реттеу агенттігі
 САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ  
 Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Табиғи монополиялар субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту және оны түзету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі №394 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Ресупубликасы Үкіметінің қаулы жобасын (бұдан әрі – қаулы жобасы) қарап, келесіні хабарлаймыз.
  Қаулы жобасының 7-тармағы 3-тармақшасының екінші, үшінші және төртінші бөліктері табиғи монополия субъектісінің сатып алуды өткізгенге дейін сипаттамалар туралы паспорттық деректерге ие болу мүмкіндігі болмағандықтан «пайдаланудан шығарудың» деген сөздерден кейін «паспорттық сипатын» деген сөзбен толықтырылсын, «пайдалануға енгізудің ...» деген сөздерден кейінгі «паспорттық» деген сөз алынып тасталсын.  
  Баяндалғанды ескере отырып, ҚР ҰКП ұсыныстарын қарауды сұраймыз. Сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, ҚР қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте дәлелденген жауап беруді сұраймыз.  
Полная версия
ИС BestProfi