Близость слов: Окончание:





 «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі көрсететін байланыс саласындағы мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 19 наурыздағы №202 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 7 тамыздағы № 8473 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасы
Байланыс және ақпарат агенттігі
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі көрсететін байланыс саласындағы мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 19 наурыздағы №202 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат агенттігі бұйрығының жобасын қарап, келесіні хабарлайды.  
  «Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне (бұдан әрі – Регламент) толықтыру ретінде ұсынылып отырған «3-Қосымшада» мемлекеттік қызмет көрсету процесі рәсімінің (іс-қимылының) жалпы уақыты – 33 күн деп көрсетілген. Бұл Регламенттің 6-тармағына сәйкес келмейді, себебі оған сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету процесі рәсімінің (іс-қимылының) жалпы уақыты – 30 күн. Осыған байланысты Регламентті толықтыратын «3-Қосымшаға» өзгерістер енгізу қажет.
Полная версия
ИС BestProfi