Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрінің 2010 жылғы 28 желтоқсандағы № 455 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 393 бұйрығы
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 12-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Энергия өндіруші ұйымдардың топтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрінің 2010 жылғы 28 желтоқсандағы № 455 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген энергия өндіруші ұйымдардың топтарында :
«12-топ» деген жол «Кристалл Менеджмент» ЖШС» деген сөздермен толықтырылсын;
«13-топ» деген жол «Мойнақ су электр станциясы» АҚ» деген сөздермен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті (Ж.Қ. Бөкенбаев) осы бұйрықты энергия өндіруші ұйымдарға хабарласын.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi