Близость слов: Окончание:





«Энергия өндіруші ұйымдардың топтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрінің 2010 жылғы 28 желтоқсандағы № 455 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрінің 2014 жылғы 23 шілдедегі № 279 бұйрығы
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 3-тармағына, «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 12) тармақшасына, 2014 жылғы 12 маусымнан бастап шекті тарифтер бойынша электр энергиясын іске асыру жөніндегі энергия өндіруші ұйымдардың тобына «Ақтөбе рельс арқалық зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін қосу мәселесі бойынша мәжіліс хаттамасының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Энергия өндіруші ұйымдардың топтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрінің 2010 жылғы 28 желтоқсандағы № 455 бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
энергия өндіруші ұйымдардың топтарында:
  	

«

14 - топ

«Ақтөбе рельс арқалық зауыты» ЖШС

».

мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті (С.Қ. Есімханов) осы бұйрықты энергия өндіруші ұйымдардың назарына жеткізсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi