2014 жылғы 23 шілдедегі шығыс № 21-01-4/01-2-3447 хатқа
«Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді стандарттау жөніндегі жоспарды бекіту туралы» қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 11 тамыздағы № 8624 сараптамалық қорытындысы
САРАПТАМАЛЫҚ КОРЫТЫНДЫ Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді стандарттау жөніндегі жоспарды бекіту туралы» (бұдан әрі – Жоспар) Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын қарап, келесіні хабарлаймыз.
Жоспар жобасына қолданыстағы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға олардың өзектілігіне және ғылыми-техникалық прогресс талаптарына сәйкестігіне кейіннен ескірген стандарттары бар тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер тізбесін анықтай отырып талдау жүргізу бойынша тармақ енгізуді ұсынамыз.
Сонымен қатар, Жоспардың 5-тармағында ескірген стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды өзектендіру (қайта қарау, жою, ауыстыру) бойынша іс-шараларды көздеуді ұсынамыз.
Басқарма Төрағасының орынбасары Р. Ошақбаев
Полная версия