Близость слов: Окончание:





«Жолаушылар тасымалдау көлігі мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Жолаушылар тасымалдау көлігі мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Тасымалдаушының әлеуметтiк мәнi бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1188 Қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы., 2004ж, № 45, 564-құжат) мынандай өзгеріс енгізілсін:
осы қаулымен бекітілген тасымалдаушының әлеуметтiк мәнi бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау Қағидасында:  
10-тармағы мынандай түрде мазмұндалсын:
«10. Субсидиялардың ең аз көлемін ұсынатын және уәкілетті орган белгілеген міндетті қызметтердің тізбесімен тіркемелі және тікелей қатынайтын вагондарды есепке ала отырып, әлеуметтік мәні бар қатынастарда үздіксіз жүзеге асыруды қамтамасыз етуге міндеттенетін тасымалдаушы жеңімпаз болып танылады.».
14) тармақшаның бірінші абзацын келесі түрде мазмұндалсын:
«14) теміржол жолаушылар вагондарына жиһаз және жұмсақ бұйымдарды жалға алу шығындары.».
«Залалдары бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша темір жолда жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 886 Қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы., 2011ж, № 51, 688-құжат) мынандай өзгеріс енгізілсін:
Залалдары бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша темір жолда жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидасы 4-қосымшаға сәйкес жаңа мазмұнда ұсынылсын.
Осы қаулы алғашқы ресми түрде жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Залалдары бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша темір жолда жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидасы 
Залалдары бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша темір жолда жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 1-тармағының 13-тармақшасына сәйкес әзірленген және залалдары бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша темір жолда жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде (бұдан әрі - тендер) конкурсты өткізуді ұйымдастыру тәртібін, шарттары мен мерзімдерін және тасымалдаушының әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты субсидиялау шартын (бұдан әрі – Шарт) ұзартуды белгілейді. 
Осы Қағидада уәкілетті орган деп темір жол көлігі саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте – салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган түсініледі. 
Полная версия
ИС BestProfi