"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 155-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Міндетті медициналық тексеріп-қарау өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесін, Міндетті медициналық тексеріп-қарауды өткізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қантардағы № 166 Қаулысы
Осы редакция 31.07.2014 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
1. Қоса беріліп отырған:
1) міндетті медициналық тексеріп-қарау өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесі;
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 166 қаулысымен бекітілген
Міндетті медициналық тексеріп-қарауды өткізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Міндетті медициналық тексеріп-қарауды өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) міндетті медициналық тексеріп-қарауды өткізудің тәртібі мен кезеңділігін айқындайды.
2. Міндетті медициналық тексеріп-қарау алдын ала және мерзімдік болып бөлінеді.
3. Алдын ала медициналық тексеріп-қарауды жұмысқа тұру немесе оқуға түсу алдында кәсіп немесе оқу бойынша міндеттерін орындауға жарамдылығын анықтау, сондай-ақ жалпы, кәсіптік аурулардың алдын алу және инфекциялық және паразиттік ауруларды таратпау мақсатында жүргізіледі.
4. Мерзімдік міндетті медициналық тексеріп-қарауды жұмыс істеп жүрген адамдардың денсаулық жағдайын динамикалық қадағалауды қамтамасыз ету, аурулардың бастапқы белгілерін уақтылы анықтау, жалпы, кәсіптік аурулардың алдын алу және инфекциялық және паразиттік ауруларды таратпау мақсатында жүргізіледі.
5. Міндетті медициналық тексеріп-қарауларды білікті мамандары, қажетті аспаптары, жабдығы, функционалдық-диагностикалық және зертханалық зерттеулер жүргізуге арналған химиялық реактивтері және материалдық-техникалық ресурстары бар, тексерілетін адамдардың жұмысқа (өндірістік практикаға) жарамдылығын бағалау, денсаулық жағдайы бойынша кәсіптік жарамдылығын бағалау бойынша медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар медициналық ұйымдар жүргізеді.
2. Міндетті алдын ала медициналық тексеріп-қарауды жүргізу тәртібі
6. Міндетті медициналық тексеріп-қарауды өткізуге қатысатын медициналық ұйымдардың медицина қызметкерлері жұмыскерді тексеруді жүзеге асырады және зерттелетін адамды зертханалық зерттеулерге жібереді.
7. Міндетті алдын ала медициналық тексеріп-қараулар деректері жұмыскердің орындалатын жұмысқа (өндірістік практикаға) денсаулық жағдайының сәйкестігі немесе сәйкессіздігі туралы қорытындыны ресімдей отырып, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша амбулаториялық пациенттің медициналық картасына енгізіледі.
Полная версия

