Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 26.07.2015
"Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 19 наурыздағы № 83 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 25 маусымдағы № 245 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 25 шілдеде № 9629 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 26 шілдеден бастап ҚР Білім және ғылым министрінің 01.06.2015 жылғы № 346 Бұйрығына сәйкес
«Мемлекеттік сатып алу туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 19 наурыздағы № 83 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 29 сәуірде № 9362 болып тіркелген, 2014 жылғы 7 маусымдағы № 111 (28335) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
«5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаттарына аванс беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының міндеттемелерді орындауы кезінде қамтамасыз ету ретінде ұсынылған жылжымайтын мүлікке кепіл шартын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының міндеттемелерін орындау кезінде жылжымайтын мүлік кепілін тоқтату туралы хабарлама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
«2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы»;
5-тармақтың бірінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, орындалу ұзақтығы:»;
«6. Келесі рәсімдерді (әрекетті) орындауды бастау үшін негіз болып табылатын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдердің (әрекеттердің) нәтижесі:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін құжаттар қабылдау;
2) конкурсқа қатысуға жіберу туралы немесе Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның жұмыс органы болып табылатын Министрлікте жеке тәртіппен қарау үшін құжаттар жіберу туралы қолхат дайындау;
3) конкурсқа қатысуға жіберу туралы немесе Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның жұмыс органы болып табылатын Министрлікте жеке тәртіппен қарау үшін құжаттар жіберу туралы қолхат беру.
Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасында рәсімдердің (әрекеттердің) реттілігінің сипаттамасы осы регламентке 1-қосымшада көрсетілген.»;
«3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жүргізу, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы»;
Полная версия
ИС BestProfi