Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 25.05.2015
Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 844 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 25 мамырдан бастап ҚР Үкіметінің 23.04.2015 жылғы № 264 Қаулысына сәйкес
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 68) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
2014 жылғы 31 шілдедегі
 № 844 қаулысымен
 бекітілген
Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидалары
1. Осы Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 68) тармақшасына сәйкес әзірленді және жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру тәртібін айқындайды.
2. Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру тәртібі
2. Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсатты азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) береді.
3. Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат алу үшін өтініш беруші азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтініш;
2) мұнай, газ ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстарын жүзеге асыруға немесе пайдалы қазбаларды өндіру үшін жарылыс жұмыстарын жүргізуге арналған лицензиямен қоса, кен өндіру (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-химия, химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалауға (технологиялық), магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға лицензиясының нөмірі мен берілген күнін көрсете отырып, мәліметтерді;
3) жарылыс жұмыстарын қауіпсіз орындау шарттарын нақтылайтын есептерді, кесектердің ұшуы бойынша қауіпсіз арақашықтықты, екпінді ауа толқыны әсерін, жарылыс, сейсмикалық әсер ету кезінде улы газдардың әсерін көрсете отырып, мәліметтерді;
жердің үстіңгі бетінде жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде:
4) жарылыс жұмыстарын жүргізу орындарын, қауіпті аймақ шекараларын, қауіпті аймақты және оның шегінде орналасқан тұрғын және өндірістік ғимараттарды, құрылыстарды, темір жолдарды, автомобиль жолдарын, каналдарды, құбыржолдарды, электр беру желілерін күзету бекеттерін орналастыру орындарын енгізе отырып, жергілікті жер жоспарының көшірмесін;
жерасты жағдайларындағы жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қосымша:
5) жарылыс жұмыстарын жүргізу орындарын, қауіпті аймақ шекараларын, қауіпті аймақты күзету бекеттерін орналастыру орындарын енгізе отырып, кен өндіру жұмыстары жоспарының көшірмесін; сондай-ақ шахтаның (кеніш, геологиялық барлау жұмыстары объектісі) газ және шаң бойынша қауіптілігі туралы электрондық құжат нысанындағы мәліметтерді;
жарылғыш материалдарды қолдана отырып, сейсмологиялық барлау жұмыстарын жүргізу кезінде қосымша:
6) жұмыс профильдері және қауіпті аймақты қорғау схемаларының электрондық құжат нысанындағы көшірмесін электрондық нұсқада және қағаз жеткізгіште ұсыну қажет.
4. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің ұсынылған құжаттарды қарау мерзімі өтініш тіркелген күннен бастап он жұмыс күнін құрайды.
5. Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижесі бойынша азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру немесе рұқсат беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
6. Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат осы Қағидаларға 
2-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында заңды тұлғалар үшін беріледі.
Заңды тұлға қағаз жеткізгіште рұқсат алуға өтініш жасаған жағдайда нәтиже Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ресімделеді, басылып шығарылады, мөрмен және аумақтық бөлімше басшысының қолымен куәландырылады.
7. Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсатта осы жұмыстарға басшылық жасау жүктелген жарылыс жұмыстарының нақты басшысы көрсетіледі. Жарылыс жұмыстарының басшысы ауысқан кезде жарылыс жұмыстарын жүргізуге қайтадан рұқсат алу қажет.
Жарылыс жұмыстарына басшылық жасау жүктелген адам уақытша болмаған жағдайда (демалыс, іссапар, сырқаттану) жарылыс жұмыстарын жүзеге асыратын ұйымның басшысы өз бұйрығымен оның міндеттерін орындауды ұйымның жарылыс жұмыстарына басшылық жасау құқығына ие басқа лауазымды адамына жүктейді.
Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсаттың қолданылу мерзімі ол берілген күнінен бастап бір жылды құрайды.
8. Өтініш беруші осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген құжаттардың толық тізбесін ұсынбаған жағдайда, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері өтінішті тіркеуден бас тартады.
9. Авария туындаған, қауіпті өндірістік объектіде авария салдарынан орын алған жазатайым оқиға болған, жарылыс жұмыстарын жүргізу процесінде жарылғыш материалдар жоғалған (ұрланған) кезде азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсатты қайтарып алады.
Жарылыс жұмыстарын жүргізуге
 рұқсат беру қағидаларына
 1-қосымша
Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті
 органның аумақтық бөлімшесінің басшысына
___________________________________________
 Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беруге өтініш
 ________________________________________________ Сізден қарауды және
_________________________________________________________ мақсатында
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
          (жарылыс жұмыстары жүргізілетін жердің атауы)
жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беруді сұрайды.
Жарылыс жұмыстарына басшылық жасау___________________________________
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, жарушының бірыңғай
___________________________________________________________ жүктелді.
(ұйым басшысының лауазымы)              (ұйым басшының тегі, аты,
Жарылыс жұмыстарын жүргізуге
 рұқсат беру қағидаларына
 2-қосымша
 _____________________________________________________________________
       (азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық
 _____________________________________________________________________
          (жарылыс жұмыстары жүргізілетін жердің атауы)
 __________________________________________________________ мақсатында
кімге________________________________________________________________
 ______________________________________________________________ берді.
 Жарылыс жұмыстарына басшылық жасау __________________________________
___________________________________________________________ жүктелді.
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, жарушының бірыңғай
 Жарылғыш материалдарды сақтау орны __________________________________
 Берілген мерзімі_____________________________________________________
Осы рұқсаттың қолданылу мерзімі - берілген күнінен бастап 1 жыл.
_____________________________________________________________________
(азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі
басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы)
Полная версия
ИС BestProfi