Близость слов: Окончание:





Республикалық және жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 846 қаулысы
Редакция 10.06.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына, 38-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына және «Тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, оларға мәртебе беру және одан айыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қарашадағы № 1032 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Амангелді ауылы, Майлин көшесі, 16-үй мекенжайы бойынша орналасқан «А. Иманов 1916 жылғы көтерілістің қолбасшысы болып тағайындалған тұрғын үй, Шебер Аймағамбет-ұста XX ғ. басы» республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші мәртебесінен айырылсын және Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен шығарылсын;
2) Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 70-үй мекенжайы бойынша орналасқан «Тұрғын үй, XIX ғасырдың соңы – XX ғасырдың басы» жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші мәртебесінен айырылсын және Қостанай облысының Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен шығарылсын;
3) Риддер қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 3а-үй мекенжайы бойынша орналасқан «Эвакуациялық госпиталь ғимараты, 1938 жыл» жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші мәртебесінен айырылсын және Шығыс Қазақстан облысының Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен шығарылсын;
4) Семей қаласы, Абай көшесі, 86-үй мекенжайы бойынша орналасқан «Абай атындағы кітапхана ғимараты, 1976 жыл» жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші мәртебесінен айырылсын және Шығыс Қазақстан облысының Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен шығарылсын;
5) Семей қаласы, Тәңірбергенов көшесі, 3а-үй мекенжайы бойынша орналасқан «Еңлік-Кебек» кинотеатры, сәулетшілері В.Г. Ливенцев, В.С. Саркеев, 1991 жыл» жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші мәртебесінен айырылсын және Шығыс Қазақстан облысының Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен шығарылсын;
6) Семей қаласы, Ленин көшесі, 8-үй мекенжайы бойынша орналасқан «Мұғалімдер үйі (Қытай консулдығы), 1900 жыл» жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші мәртебесінен айырылсын және Шығыс Қазақстан облысының Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен шығарылсын.
2. Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 68-үй мекенжайы бойынша орналасқан «Металлургтер мәдениет үйi, сәулетшi Л.И. Маковеев, 1957 жыл» жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішіне республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші мәртебесі берілсін және ол Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілсін.
3. Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Ыбырай Жақаев көшесі, С. Сейфуллин атындағы № 4 мектеп жанындағы мекенжай бойынша орналасқан «Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ы. Жақаевтың мүсіні, мүсінші А. Пекарев, сәулетшілер А. Борецкий, К. Күлбашева, 1975 ж.» республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші Қызылорда қаласы, орталық алаң мекенжайы бойынша «Қызылорда облысының құрметті азаматтары» аллеясына ауыстырылсын.
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 10.06.2015 жылғы № 426 Қаулысымен (31.07.2014 ж. редакцияны қараңыз)
5. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Қостанай, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктерімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Казақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Полная версия
ИС BestProfi