Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
"Болашақ" халықаралық стипендиясын беру мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 19 наурыздағы № 83 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 29 сәуірдегі № 9362 тіркелді
Осы редакция 25.06.2014 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды 
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1). осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаты ретінде оқуға баратындар үшін кепілдік хатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының шығыстарын өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
5) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаттарына аванс беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
6) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының міндеттемелерді орындауы кезінде қамтамасыз ету ретінде ұсынылған жылжымайтын мүлікке кепіл шартын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
7) осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының міндеттемелерін орындау кезінде жылжымайтын мүлік кепілін тоқтату туралы хабарлама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық технологиялар департаменті (Э.М. Телеков):
      1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің вице-министрі Е.Н. Иманғалиевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2014 жылғы 19 наурыздағы
№ 83 бұйрығына
1-қосымша
«Болашақ» халықаралық стипендиясын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Полная версия
ИС BestProfi