Близость слов: Окончание:





Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің агрохимиялық жай-күйі туралы ақпараттық деректер банкін құру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 25 маусымдағы № 6-1/321 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 25 шілдеде № 9618 тіркелді
Редакция 24.08.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.08.2015 жылғы № 4-6/763 Бұйрығына сәйкес (25.06.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.10.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің агрохимиялық жай-күйі туралы ақпараттық деректер банкін құру және жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мелиорация департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
 2014 жылғы 25 маусымдағы
 № 6-1/321 бұйрығымен
 бекітілген
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің агрохимиялық жай-күйі туралы ақпараттық деректер банкін құру мен жүргізу қағидалары
1. Осы Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің агрохимиялық жай-күйі туралы ақпараттық деректер банкін құру мен жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленген және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің агрохимиялық жағдайы туралы ақпараттық деректер банкін (бұдан әрі – деректер банкі) құру және жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Деректер банкін «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Агрохимия қызметi республикалық ғылыми-әдiстемелiк орталығы» республикалық мемлекеттiк мекемесi құрып, жүргізеді және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға ұсынады.
3. Деректер банкі ауыл шаруашылығы жерлерінің топырағын агрохимиялық зерттеп тексеру нәтижелерімен толықтырылатын, республика топырағының агрохимиялық мониторингі үшін негізгі база болатын электрондық ақпараттық деректер базасы болып табылады.
4. Деректер банкі жұмыс (жер) учаскесі, шаруашылық, аудан, облыс және республика деңгейінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді кешенді агрохимиялық зерттеп тексеру нәтижелерін енгізуге, сақтауға, талдауға және жинақтауға арналған.
5. Деректер банкін құру үшін ағымдағы және анықтамалық материалдар бастапқы деректер болып табылады.
Ағымдағы материалдар әр танаптың мекен-жайлық деректерін, әр жер учаскесін талдау кезінде алынатын агрохимиялық жай-күй жөніндегі деректерді қамтиды.
Анықтамалық материалдар жер, топырақ, ауыспалы егіс түрлерін, облыстар, аудандар, әр аудандағы жерді пайдаланушылар тізімін, агрохимиялық зерттеп тексеру әдістерін, қоректік заттар маңызы бойынша топтар шекараларын қамтиды.
2. Деректер банкін құру мен жүргізу тәртібі
6. Деректер банкін құру ауыл шаруашылығы жерлерін зерттеп тексеру барысында алынған топырақтық, агрохимиялық, экология-токсикологиялық, топырақтық-эрозиялық, топырақтық-мелиоративтік, геоботаникалық, фитосанитарлық, өзге де арнайы зерттеу және іздеу материалдары мен деректерін жинау, өңдеу, жинақтау, талдау арқылы жүзеге асырылады.
7. Деректер банкін құруға негіз болып табылатын құжаттар:
Полная версия
ИС BestProfi