Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 23.07.2015
"Кәсiптік ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2011 жылғы 31 қазандағы № 1248 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы
Қазақстан Республикасын Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 875 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 23.07.2015 жылғы № 574 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Кәсiптік ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 1248 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 59, 847-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Кәсiптік ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2014 жылғы 5 тамыздағы
 № 875 қаулысымен
 бекітілген
Кәсіптік ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидалары
1. Осы Кәсіптік ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрi – Заң) сәйкес әзiрлендi және бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептiлiк саласындағы қызметті реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органның (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) бухгалтерлердiң кәсіптік ұйымдарын (бұдан әрi – кәсіптік ұйымдар) және бухгалтерлердi кәсіптік сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды (бұдан әрi – сертификаттау жөнiндегi ұйымдар) аккредиттеу жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi.
2. Кәсіптік ұйымдар www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы аккредиттеу жүргізу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
1) кәсіптік ұйымның уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сұрату;
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;
3) оқыту іс-шараларын өткізу жоспарын көрсете отырып, өз мүшелерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру жүйесiнiң болуын растайтын электрондық құжат.
3. Сертификаттау жөнiндегi ұйымдар аккредиттеуді өткiзу үшiн портал арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:
1) сертификаттау жөніндегі ұйымның уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес сұрату;
2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;
3) осы Қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкес келетін «Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп», «Салық және салық салу» және «Азаматтық құқық» пәндері бойынша емтихан модульдерін және емтихандар нәтижелерін бағалау тәртібін қамтитын сертификаттау бағдарламалары бойынша электрондық құжат нысынындағы мемлекеттік және орыс тілдеріндегі материалдар;
Полная версия
ИС BestProfi