«Жаңартылатын энергия көздерiн пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 шiлдедегi Заңының 5-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Внимание! Документ утратил силу с 02.07.2015
Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығының орталықтандырылған сатып алу және сату қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 876 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 2 шілдеден бастап ҚР Үкіметінің 23.06.2015 жылғы № 475 Қаулысына сәйкес «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығының орталықтандырылған сатып алу және сату қағидаларын бекіту туралы» ҚР Энергетика министрінің 02.03.2015 жылғы № 164 бұйрығын қараңыз
1. Қоса беріліп отырған Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығының орталықтандырылған сатып алу және сату қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Электр энергиясын энергия өндіруші білікті ұйымдардан сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 70 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 24, 337-құжат);
2) «Электр энергиясын энергия өндіруші білікті ұйымдардан сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 70 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 756 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 55, 756-құжат).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 876 қаулысымен бекітілген
Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығының орталықтандырылған сатып алу және сату қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығының орталықтандырылған сатып алу және сату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының аумағында жаңартылатын энергия көздерін (бұдан әрі – ЖЭК) пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығының орталықтандырылған сатып алу және сату тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) коммерциялық есепке алу аспабы – электр қуатын, электр немесе жылу энергиясын коммерциялық есепке алуға арналған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етілген техникалық құрылғы;
2) жеткізу айы – ЖЭК пайдалану жөніндегі объектілерден электр энергиясын іс жүзінде жеткізудің тиісті айдың бірінші күнінен басталатын күнтізбелік айы;
3) жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы (бұдан әрі – қаржы-есеп айырысу орталығы) – жүйелік оператор құратын және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, ЖЭК пайдалану объектілері өндірген және Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің электр желілеріне берілген электр энергиясын Заңда көзделген тәртіппен орталықтандырылған сатып алуды және сатуды жүзеге асыратын заңды тұлға;
4) тіркелген тариф – ЖЭК пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын Заңда белгіленген тәртіппен қаржы-есеп айырысу орталығының сатып алуына арналған тариф;
5) жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығының электр энергиясын сатып алу шарты (бұдан әрі – сатып алу шарты) – сатып алушы ретінде әрекет ететін қаржы-есеп айырысу орталығы мен сатушы ретінде әрекет ететін энергия өндіруші ұйым арасында жасалатын ЖЭК пайдалану жөніндегі объектілер өндірген электр энергиясын сатып алу-сатудың үлгі шарты;
6) жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығының электр энергиясын сату шарты (бұдан әрі – сату шарты) – сатушы ретінде әрекет ететін қаржы-есеп айырысу орталығы мен сатып алушы ретінде әрекет ететін шартты тұтынушы арасында жасалатын ЖЭК пайдалану жөніндегі объектілер өндірген электрэнергиясын сатып алу-сатудың үлгі шарты;
7) жаңартылатын энергия көздерінен алынатын электр энергиясын шартты тұтынушылар (бұдан әрі – шартты тұтынушылар):
Полная версия

