2014 жылғы 24 шілдедегі № 02-22/3605 хатқа
«Шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 мамырдағы № 609 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 14 тамыздағы № 8657 сараптамалық қорытындысы
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 мамырдағы № 609 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасын қарап, мынаны хабарлаймыз:
Навигация мерзімі белгіленбегеніне, сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы су көлігі жүйесінде навигацияның нашар дамуына байланысты, Шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалау қағидаларының 19-тармағын мынадай редакцияда жазуды ұсынамыз: «Шағын көлемді кемелерге техникалық куәландыру жыл сайын өткізіледі».
Осыған орай, 19-тармақтың 4-абзацының мағыналық жүктемесі болмағанына байланысты, оны алып тастауды ұсынамыз.
Тиісінше осы өзгертулерді жобаның салыстырмалы кестесінде көрсету қажет.
Басқарма мүшесі – Басқарма Төрағасының орынбасары М. Дузбаева
Полная версия